ІІО ардагерлері Екібастұздағы балаларды қолдау орталығына барды
ІІО ардагерлері Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы балаларды қолдау орталығында болып, балалармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер органдарының ардагерлері өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу аясында кездесулер өткізуді жалғастырып жатыр. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бибігүл Исаева және және Таулы Қарабахтағы ұлтаралық қақтығысқа басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері Төлеу Нұрханов, Ақан Асаубаев және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы Тахир Калимульдинов Екібастұз қаласындағы балаларды қолдау орталығында қонақта болды.
Олар балаларға өздерінің дамуы, хоббиі, әскери өткені туралы айтып берді, еңбек адамдарын, үлкендерді, құрдастарын, мұғалімдерді құрметтеуге шақырды. Балаларға оқуда жоғары жетістіктерге жетулерін, адал болуларын, өмірдің қиындықтарын абыроймен жеңулерін тіледі.
Кездесуде учаскелік полиция инспекторы Тахир Калимульдинов орталықтың балаларын мақтан тұтатынын, олардың әрқайсысын жақсы білетінін және олардың жетістіктерін атап өтті. Әңгіме балалардың өз іс-әрекеті үшін жауапкершілік сезімін оятуға, қауіпсіздік шараларын сақтауға негізделген.
Шара соңында ардагерлер алғысхаттарын табыстап, балаларға жақсы оқып, өздеріне ұнайтын мамандықты таңдауға кеңес берді.