Абай облысында колония қызметкерлері адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілімен кездесті
Абай облысы бойынша қауіпсіздігі орташа колониясының қызметкерлері адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілімен кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық – маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі. Зорлық-зомбылықтың ең көп таралған түрі – бұл отбасылық институтқа және қоғамның моральдық жағдайына деструктивті әсер ететін әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық. Осыған байланысты ҚР ІІМ ҚАЖК «№20 мекеме» РММ-нің жеке құрам арасында Абай облысының прокуратурасымен бірлесіп, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында тұрмыстық зорлық-зомбылық және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша сұрақтар талқыланды. Отбасы – негізгі әлеуметтік институттардың бірі , отбасының
әл-ауқаты қоғам үшін маңызды. Сондықтан отбасында салауатты климат пен жақсы атмосфераны қамтамасыз ету, оның мүшелері тарапынан агрессия мен қатыгездіктің кез келген көріністерінің алдын алу мақсатында тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің аға инспекторы психологы Ұ. Мұқатаева сөз сөйледі, сондай-ақ Абай облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Д. Е . Жұмагелдин, үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасының бастығы Абай облысының прокуратурасының 1-сыныпты заңгері С. А. Байкенов баяндады.
Кездесу соңында қызметкерлер мен өкілдер түрлі тақырып бойынша пікір алмасып, осындай жағдайлардың алдын алу жолдарын талқылады. Мекеме бастығы А. Мухаметжанов Абай облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Д.Е. Жұмагелдинге кездескені үшін алғыс білдіріп , жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.