Қостанай облысында полицейлер жас спортшылармен кездесу өткізді
Қостанай облысында полицейлер жас спортшылармен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 сәуірде Қостанай облысы ПД криминалдық полиция басқармасының және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Сұлтан» спорт клубының базасында Қостанай кикбоксинг федерациясының спортшыларымен кездесу өткізді.
– 25 жылдан астам уақыт Қостанайда «Сұлтан» спорт кешені жұмыс істейді. «Сұлтанның» негізін қалаушы және бас бапкері кикбоксингтен КСРО спорт шебері, кикбоксингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем кубогының иегері Асылхан Бусурманов болды. Кикбоксинг және бокс залында 100-ден астам адам спортпен айналысады,- деп атап өтті Қостанай облысының кикбоксинг бойынша аға жаттықтырушысы Әскер Макубаев.
Кездесу барысында жас спортшылармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Оларға терроризм, буллинг, бопсалау, есірткі қылмысы актісі туралы көрінеу жалған хабарларға жол бермеу, көшеде де, тұрмыста да жол қозғалысы мен жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының барлық талаптары мен сақталуы туралы айтылды.
Сондай-ақ спортшылармен қоғамдық орындардағы мінез-құлыққа қатысты мәселелер талқыланып, олардың назарын ересектер мен құрдастарына құрметпен қарауға аударды.
Тәжірибе мысалдарында полиция қызметкерлері балаларға есірткі мен алкогольді, сондай-ақ темекі шегудің, әсіресе жас кезінде қандай зардаптарға әкелуі мүмкін екенін айтты.
Айта кету керек, кәмелетке толмағандардың жасөспірімдік қылмыстылығының алдын алу жұмыстары Қостанай облысы полиция департаментінің тұрақты бақылауында.