Жетісу облысының полициясы террористік тұрғыдан осал объектілерді бақылауды күшейтті
Жетісу облысының полициясы террористік тұрғыдан осал объектілерді бақылауды күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ІІМ 2023-2024 жылдарға арналған жедел-іздестіру және алдын алу іс-шараларының кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде Жетісу облысының экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының полиция қызметкерлерімен бірқатар ұйымдастырушылық және алдын алу іс-шаралары өткізілді.
– Жыл басынан бері қабылданған шаралардың арқасында деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар жасаған 7 қылмыстық және 190 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, бұл бағыттағы жұмыс ерекше бақылауда, – деп атап өтті ПД ЭҚІҚБ аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Жанар Калыкова.
Бұдан басқа, өңір аумағында террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз етуіне тұрақты бақылау жүзеге асырылады.
– Есепті кезеңде терроризмге қарсы қорғалуы бойынша 170 объект тексерілді, анықталған кемшіліктер бойынша объектілердің басшыларына оларды жою туралы ұйғарымдар шығарылды. Сондай-ақ, объектілердің басшыларымен және қызметкерлерімен тұрақты негізде семинарлар өткізіледі, онда оларға террористік акт жасау қаупі төнген кездегі іс-қимыл алгоритмі жеткізіледі және терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы түсіндіріледі, – деп толықтырды Ж. Калыкова.