Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесіне тыйым салынған затты лақтырмақ болған азамат ұсталды
Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесіне тыйым салынған затты лақтырмақ болған азамат ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің № 20 мекеме жедел бөлім қызметкерлері, аумақтық сыртқы периметрді жасырын патрульдік бақылау барысында, 5511 Ұлттық гвардиясының "Барыс-3 бағыты" қызметкерлерімен бірлесіп, тыйым салынған затты лақтырмақ болған М. есімді азамат ұсталды.
Семей қаласы тұрғынын жеке тексеру барысында 1 скотч жапсырмасына оратылған орама табылды, орамадан сұр түсті, Samsung GT S 8500 телефоны, 1 қуаттандырғыш тоғы, USB сымдары бар куаттандырғыш, SIM карта тәркіленді.
Семей қаласы тұрғыны азамат М. Гала есімді (есімі өзгертілген) сотталғанға тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізгісі келгенін мойындады.
- Сотталғандардын "қамкор" туыстары ескертулер мен түсіндірулерді
ескерместен тыйым салынған заттарды мекеме аумағына кіргізуге тырысады.
Енді Семей қаласының тұрғыны әкімшілік жазаға тартылады, - деп атап өтті
жедел бөлім қызметкері Әділет Кулатаев.