Алматы полицейлері ІІМ ардагерін 80 жас мерейтойымен құттықтады
Алматы қаласының полиция департаменті ІІМ ардагерін 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Салтанатты шара Алматы полиция департаментінің мұражайында өтті.
Аты аңызға айналған тергеуші Василий Побияхоға ішкі істер органдарының ардагерлері мен Алматы полициясының қызметкерлері құрмет көрсетті.
Қазақтың әдет-ғұрпы бойынша ақсақалға шапан жауып, «ІІМ-нің құрметті ардагері» төсбелгісі, полиция департаменті бастығы мен Алматы ардагерлері кеңесінің атынан грамоталар табыс етілді.
Кездесу жылы, достық жағдайда өтті. Ардагер-тергеушілер Василий Побияхомен бірге жұмыс істеген кездегі естеліктерімен бөлісті. Ол ПД мұражайына өзінің 2 томдық «Важняк» кітабын сыйға тартты.
Сонымен қатар мерекелік шара қонақтары үшін танымдық экскурсия ұйымдастырылды.