Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде полиция бойжеткенді бопсалаған күдіктілерді ұстады

Ақтөбеде полиция бойжеткенді бопсалаған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында бойжеткеннен 300 мың теңге сомасында ақша бопсалаған Ақтөбе облысының екі тұрғынын ұстады.

Жас жігіттер қыз баланы оның интимдік сипаттағы фото-бейнематериалдарын жариялайтынын айтып қорқытқаны анықталды. Полиция бопсалаушы жігіттердің бірін Ақтөбе қаласында аталған соманы жәбірленушіден алу кезінде қолға түсірсе, екінші күдіктіні Хромтау қаласынан ұстады.

Ұсталған күдіктілер кінәсін мойындады, олардан заттай айғақтар – 300 мың теңге сомасындағы ақша және әшкерелейтін материалдары (интимдік фото-бейне жазбалар) бар телефон тәркіленді.

Қорқытып алушылық дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс шеңберінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру