Қостанай облысында ерлікпен қаза тапқан полицейдің құрметіне АӘД сыныбы ашылды
Қостанай облысында ерлікпен қаза тапқан полицейдің құрметіне АӘД сыныбы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Меңдіқара ауданына қарасты Қасқат ауылының Ломоносов жалпы білім беретін мектебінде алғашқы әскери дайындық кабинетінің ашылу рәсімі өтті. Бұл білім ордасының түлегі 1998 жылы қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкері Нұрлыбек Омаров.
Кабинеттің ашылуына ПД ардагерлер кеңесінің төрағасы Сапабек Құлбеков, тәрбие және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары Асылбек Искаков, жергілікті полиция бөлімінің басшылығы, мектеп әкімшілігі, әкімдік өкілдері және полицейдің туыстары қатысты. Полиция старшинасы Нұрлыбек Омаров Қостанай облысы ІІБ арнайы мақсаттағы бөлімшесінің мергені лауазымында жұмыс істеді.
2002 жылдың 21 шілдесінде ол серіктесімен бірге «Құқықтық тәртіп» операциясына қатысып, белгілі бір кәсібі жоқ адамдар жиналатын күмәнді орындарды бақылауға алды. Түнгі клубтардың бірінің жанында олар үш мас адамның осы клубқа кіруге тырысқанын көрді. Полицейлердің ескертулеріне ер адамдар агрессивті әрекет етіп, олармен ұрысқа түсті. Олардың бірі Нұрлыбек Омаровтың кеуде тұсынан пышақ сұқты. Полиция қызметкері жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.
– Осы еске алу кабинетін ашу арқылы біз өткенмен қайта байланыс орнатамыз. Полиция старшинасы Нұрлыбек Омаров біздің жолдасымыз және әріптесіміз болды. Оның жанқиярлық, үлгілі әрекеті жас қызметкерлерге үлгі болып табылады. Бұл кабинет оқушылардың бойында патриотизм сезімін оятады, – деді Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сапабек Құлбеков.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында қызметтік міндеттерін атқару кезінде 800-ден астам полиция қызметкері қаза тапты, оның 45-і Қостанай облысының полицейі. Қостанай облысының ПД-да қаза тапқан полицейлерді еске алу үшін тағы екі сынып ашу жоспарланып отырғанын атап өтті.