Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полицейлер мен ТЖД бірлесіп, «Жол бер – өмірді сақта» акциясын өткізді

Алматы облысының полицейлері ТЖД-мен бірлесіп, «Жол бер – өмірді сақта» атты акция өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс орталығында полиция қызметкерлері өртке қарсы қызметпен бірлесіп «Жол бер – өмірді сақта» акциясын өткізді.

– Іс-шараның басты мақсаты – арнайы көліктерге бөгет жасайтын және жол бермейтін жүргізушілерді анықтау, сонымен қатар жол жүру мәдениетін қалыптастыру, – деп атап өтті Қонаев ҚПБ ППВ командирі Рауан Болатов.

Іс-шара қалада төтенше жағдай туындаған кезінде өрт-құтқару қызметтерінің қызметкерлері дереу келген кезде жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ жарық-жарқылдауық маяктары мен дыбыстық сигналдары бар шұғыл және арнайы қызметтердің автомобильдеріне басым қозғалыс бермеу сияқты бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткізілді.

– Іс-шара барысында автокөлік жүргізушілері арасында жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтайтын жүргізушілер де, арнайы жарық және дыбыс сигналдары қосылған көліктерді өткізбейтін көлік құралдарының жүргізушілері де анықталды. Олар тоқтатылып, өрт сөндіру машинасы басымдығының маңыздылығы түсіндірілді, – деп толықтырды Р. Болатов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру