Павлодар облысында шетелдіктердің келгені туралы хабарламаған 27 қабылдаушы анықталды
Павлодар облысында көші-қон заңнамасының 500-ге жуық бұзушылықтары анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20 маусымынан бастап Павлодар өңірінің аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Бұл күндері полицейлер ҚР көші-қон заңнамасын бұза отырып, облыс аумағында жүрген шетелдіктерді анықтау бойынша іс-шаралар жүргіздң.
– Мобильді топтар кәсіпорынның құрылыс объектілерін, жеке құрылыс учаскелерін, ұйымдарды, жеке кәсіпкерлерді тексерді, – дейді Павлодар облысы ПД көші-қон қызметінің бастығы Дәулет Ысқақов.
Мәселен Павлодар қаласының құрылыс нысандарының бірінде рұқсатсыз жұмысшы ретінде заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған көрші елдің азаматы ұсталды.
Сондай-ақ, Шідерті кентінің жанындағы «Бекет» стационарлық бекетінде полиция көршілес елдің үш азаматының еліміздің көші-қон заңнамасын бұза отырып, заңсыз болу және еңбек қызметін жүзеге асыру фактісін анықтады. Шетелдіктер жүк көліктерінде жүргізуші болып жұмыс істеген.
Барлық құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік материалдар жасалып, сотқа жіберілді. Екібастұз қалалық сотының қаулысы бойынша бір шетелдік айыппұл және 2 тәулік мерзіміне әкімшілік қамауға алу түріндегі жазаны қолдана отырып, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Екі шетелдікке қатысты 25 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза қолданылды.
Іс-шараның бес күнінің қорытындысы бойынша көші-қон қызметінің қызметкерлері 489 түрлі әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 41 шетелдік азамат бар.
Шетелдіктердің келгені туралы хабарламағаны үшін 27 қабылдаушы, заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін 16 шетелдік және 6 жұмыс беруші жауапқа тартылды.
Бұдан басқа шетелдік азаматтардың ҚР заңнамасын бұзу фактісі бойынша соттарға 29 әкімшілік материал жіберілді, қарау нәтижелері бойынша бір азаматқа қатысты елден мәжбүрлеп шығару туралы шешім қабылданды.
Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтауға, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алуға, жолын кесуге бағытталған «құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы осы жылдың 30 маусымына дейін жалғасады.