Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада автобус парктерінің 8 лауазымды тұлғасы жауапкершілікке тартылды

Астанада “Автобус” жедел-алдын алу іс-шарасының қорытындысы шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында ЖКО азайту және алдын алу мақсатында өткізілген алты күндік “Автобус” жедел-алдын алу іс-шарасының қорытындысын шығарды.

Қала аумағында автобустардың техникалық жай-күйін тексеру, автобустардың автопарктерден, автовокзалдардан шығуы кезінде рейс алдындағы техникалық және медициналық тексерістен өтуі бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Заңсыз автовокзалдар, автотасымалдаушылар, сондай-ақ облысаралық жолаушылар тасымалдайтын таксилер анықталды.

Іс-шара қорытындысы бойынша автобус жүргізушілерінің 400-ге жуық жол қозғалысы ережелерін бұзғаны анықталды. 19 заңсыз такси жүргізушісі ұсталды. Коммуналдық тұраққа 45 көлік қойылды, автобус парктерінің 8 лауазымды тұлғасы жауапкершілікке тартылды, мыңға жуық қоғамдық автобус тексерілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру