Екібастұзда тыныштықты бұзған тұрғындар жауапқа тартылды
Екібастұзда тыныштықты бұзған тұрғындар жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұз тұрғынынан кезекті алғыс хат полиция капитаны Гүлмира Тайлақова мен Нұрсұлтан Серікбаевтың атына келді.
– №10 шағынауданымыздың полицейлеріне, учаскелік инспекторларына үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді. Біз олардың жұмысқа деген көзқарасын, кәсіби деңгейін, жауаптылығын, түсінушілігін және біздің жағдайымызды шешуін бағалаймыз. Сіздерге сәттілік, денсаулық тілейміз. Жұмыстарыңыз үшін рақмет, – деп жазады қала тұрғыны Б. Б. Абдрасова.
Полицияның айтуынша, тыныштықты бұзу туралы хабарлама түскен. Таңертеңгі сағат 3-те көршісі азаматтардың тыныштығын бұзып, музыка тыңдаған. Келген полиция қызметкерлері шулы көршісін тыныштықты бұзғаны үшін жауапқа тартып, 5 АЕК айыппұл салды.
Азаматтардың өтініштеріне уақытылы ден қою, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету әрбір полицейдің қызметтік борышы. Азаматтардың алғыс сөздері тәртіп сақшылары үшін тамаша ынталандыру болып табылады. Алғыс айту себептері әртүрлі, бірақ маңыздысы – полицейлердің жұмысы назардан тыс қалмауы.