Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында мектеп оқушыларымен кездесу өтті

Атырау облысында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында мектеп оқушыларымен кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын” іске асыру шеңберінде Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, №2 Атырау қалалық полиция бөлімі жергілікті полиция қызмет бөлімшесі бастығының орынбасары және ювеналды полиция тобы қызметкерінің қатысуымен Атырау облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде құқықтық түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алуға, есірткінің заңсыз айналымына қарсы тұруға және нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы күресте өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.

– Бүгінгі таңда әрбір адам интернетке еркін қол жеткізе алады. Синтетикалық есірткінің белсенді таралуы жағдайында жастар есірткіні тұтынушы мен оны таратушы қатарына түсіп қалуы оңай. Басты мәселенің бірі – қазіргі жастар “синтетиканы” өз өмірі мен денсаулығына қауіп ретінде қабылдамайды. Алайда есірткінің мұндай түрлері бірінші қолданудан бастап тұрақты тәуелділікті тудырады және денсаулыққа зиян келтіреді, – деп атап өтті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Марьяна Джангалиева.

Шара барысында мектеп оқушыларына синтетикалық есірткіні қолданудың салдары және оларды таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгендігі айтылды. Сонымен қатар викториналық сұрақтар қою кезінде белсенділік танытқан оқушыларға арнайы естелік сыйлықтары табыс етілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру