Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты түзеу мекемесінде Ұстаздар күніне арналған іс-шара өтті

Атырау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты түзеу мекемесінде Ұстаздар күніне арналған іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты 79 мекемесінің жанындағы мектеп және колледж ұстаздары үшін «Ұстаз – ұлы есім» атты іс-шара өтті.

Бұл іс-шара білім беру саласындағы ұстаздардың еңбегін ұлықтау, олардың жазасын өтеу орнындағы білім алушы сотталған азаматшаларға берген білімдері мен тәрбиелерін жоғары бағалау мақсатында ұйымдастырылды. Шара барысында сотталған азаматшалар ұстаздарға арнап өлеңдер оқып, әндер орындап мың бұралып билеп өнерлерін көрсетті.

Сонымен қатар мектеп және колледж ұстаздарына арнайы облыстық департамент бастығының атынан алғыс хаттар табысталды. Бұл шара жас ұрпақтың ұстаздарға деген құрметін арттырып, олардың білім мен тәрбие берудегі рөлін ерекше атап өтуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру