Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы зейнеткерлерді алаяқтардан қорғау жолдарын айтты 

Алматы полициясы зейнеткерлерді алаяқтардан қорғау жолдарын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда қарт адамдарға қатысты алаяқтық жиілеп кетті. Көбінесе бұл алаяқтық құрбандардың үйіне немесе телефондарына қоңырау соғу арқылы болады.

– Көбіне алаяқтардың айласына егде жастағы азаматтар түсіп қалады. Қаскөйлер оларды тез алдауға болатынын біледі. Алдаудың бірнеше танымал тізбектері бар. Біз оларды арнайы брошюралар мен жадынамаларда көрсеттік. Саябақтарда, алаңдар мен зейнеткерлер жиі баратын орындарда ақпараттық парақшаларды тарату арқылы профилактикалық науқан жүргізіп жатырмыз, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Алматы полициясы азаматтарды абай болуға, күмәнді қоңырауларға сенбеуге, эмоцияға берілмеуге, жақын туыстары туралы ақпарат бермеуге және егде жастағы азаматтарды алаяқтықтың түрлері туралы ескертуге шақырады.

– Мұндай алаяқтық туралы жақын туыстарыңыз бен достарыңызға, әсіресе қарттарға ескертіңіз. Бейтаныс адамнан телефон қоңырауын алғанда, оның сізге не және қалай айтқысы келетініне назар аударыңыз. Алаяқтар, әдетте, асықтыруға, шатастыруға және ықтимал салдарын айтып қорқытуға тырысады. Кез келген алынған ақпарат тексерілуі керек. Осындай жағдайға тап болсаңыз, «102» пультіне немесе жақын жердегі полиция бөлімшесіне хабарласыңыз, – деді Тимур Ноғайбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру