Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында үйінде есірткі сақтаған шетелдік ұсталды

Ақмола облысында тұратын 57 жастағы шетелдік 4 келіден астам марихуана мен каннабис тұқымдас өсімдіктерді сақтағаны үшін ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2024 жылдың тамыз айының соңында «Қарасора – 2024» ЖПІШ өткізу шеңберінде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Целиноград ауданының 57 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның үйін тінту барысында канабис тұқымдас өсімдігі бар 6 қорап табылып, тәркіленді, гараж бен қорада соған ұқсас өсімдігі бар тағы үш қап табылды. Сонымен қатар гараж бен қорада қабырға бойымен осы өсімдіктің бұталары ілулі болды.

Алынған заттардың жалпы салмағы 4,5 келіден асты, оның ішінде 2 келіден астам кептірілген марихуана және 1 келі 708 гр кептірілген қарасора бар .

Ұсталған адамның айтуынша, ол есірткіні жеке пайдалану үшін сақтаған.

Ер адамға қатысты ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі (Ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Ұсталған адамға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру