Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полицейлер 8 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген азаматты ұстады

Шымкентте полицейлер 8 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкенттік полицейлер халықаралық іздеуде жүрген азаматты ұстады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері 8 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын анықтады.

41 жастағы іздеуде жүрген қылмыскерді полиция қызметкерлері Тұран ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстады. Қазіргі уақытта ер адам соттың шешімімен республика аумағынан аластатылып, бес жылға дейін Қазақстанға кірмеуге шешім шығарылды.

Атап өтейік, 2024 жылдың 14-18 қазан аралығында “Заңсыз келуші – 2024” жедел профилактикалық іс шарасы барысында көші-қон заңнамасын бұзған 556 шетелдік пен Қазақстан Республикасының азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар Шымкент қаласы ПД-ның қабылдап-тарату орнына жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ 135 адам орналастырылды.

ҚР-да болу ережелерін бұзған 408 шетелдік азамат анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен әкімшілік жауапкершіліктері қаралды. Шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен және шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 114 қазақстандық ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабымен және тағы 34 Қазақстан азаматы ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабының талаптарын бұзған.

Көші-қон заңдылығын өрескел бұзған 61 шетелдік Қазақстан Республикасы аумағынан аластатылды. 44 шетелдіктің Қазақстан Республикасында болу мерзімдері қысқартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру