БҚО-да сотталғандар арасында шахмат және дойбыдан турнир ұйымдастырылды
Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №28 мекемесінде 25 қазан – Республика күніне орай шахмат және дойбы турнирі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараны кешкі мектеп мұғалімдері мен мекеменің тәрбие бөлімі бірлесе ұйымдастырып, дойбы жаттықтырушысы Нұрлан Давлетов төреші ретінде қатысты.
Турнирге сотталғандар белсене қатысып, өздерінің зияткерлік ойындардағы шеберліктерін көрсетті. Мұндай сайыстар логикалық ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, спорттық рухты нығайтуға да септігін тигізеді. Бәсекелестік достық қарым-қатынаспен өрбіп, қатысушылардың көңіл-күйі де ерекше көтеріңкі болды.
Турнир нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталар және естелік сыйлықтармен марапатталды. Бұл іс-шара сотталғандардың әлеуметтік бейімделу мен оңалу процесінде спорттық және білім беру бастамаларының маңызды рөл атқаратынын тағы бір мәрте дәлелдеді.