Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда “Жас сақшы” полиция сыныбы ашылды

Жезқазғанда “Жас сақшы” полиция сыныбы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жезқазған қаласындағы №3 орта мектепте полиция департаментінің ұйымдастыруымен “Жас сақшы” сыныбының салтанатты ашылуы өтті. Сыныпқа 1973-1985 жылдары Жезқазған облыстық ішкі істер басқармасының басшысы болған милиция генерал-майоры Мұрат Құрмановтың есімі берілді.

Салтанатты шараға облыстық департамент басшысы Қайыркен Әлиев, қала әкімі Қайрат Шайжанов, білім басқармасының басшылары, ата-аналар мен оқушылар қатысты. “Жас сақшы” сыныбына 25 оқушы қабылданып, алғашқы сынақтан сүрінбей өтті.

– Біздің мақсатымыз — жас ұрпақты отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелей отырып, оларды жауапкершілік пен салауатты өмір салтына баулу, — деді облыстық полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиев.

Іс-шара барысында облыстық полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ арнайы мақсаттағы бөліністің жауынгерлері қоян-қолтық ұрыстың әдіс-тәсілдерін көрсетті. Оқушылар мен ұстаздар қуанышты көңіл-күй сыйлап, өнерлерімен бөлісті. Айта кетсек, сынып облыс көлемінде алғашқы рет ашылып отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру