«Браконьер» іс-шарасы: Атырауда заңсыз балық аулаудың 3 дерегі тіркелді
Атырауда заңсыз балық аулаудың 3 дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы аумағында 20 қазан – 19 қараша аралығында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Іс-шара барысында Атырау облысында Балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы, 1-бөлігі, яғни балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ бұзушылығы бойынша 3 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырды.
Сонымен қатар, полицейлер Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясымен бірлесіп, далалық айналма жолдарда бекіре және басқа да балық түрлерін, аңшылық шаруашылығы алқаптарына, жайылымдарға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда азаматтардың аңшылық атыс қаруы мен суық қаруды сақтауы, алып жүруі бойынша тексеріс жұмыстарын жүргізуде.