Қостанай облысында учаскелік полиция пункті ашылды
Қостанай облысында учаскелік полиция пункті ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Введен ауылында № 4 учаскелік полиция пункті ашылды. Бұл оқиға ауылдық жерлерде қауіпсіздікті арттыруға және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған.
Салтанатты рәсімге Введен ауылдық округінің әкімі Асхат Тәтімбеков және Қостанай облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Марат Сахратов қатысты.
Жалпы халық саны 716 адам болатын Введен ауылдық округіне екі елді мекен кіреді. Олар – Введен және Загарин. 2022 жылдан бастап учаскелік инспектор болып Нұрман Исахметов жұмыс істейді.
Ашылған нысан оқиғаларға жедел ден қоюға және жергілікті тұрғындармен өзара іс-қимылды жақсартуға көмектеседі.
Учаскелік пункттің ашылуы қауіпсіздік деңгейін арттырып қана қоймай, полиция мен халық арасындағы сенімді нығайтады.