Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Учаске» ЖПІШ: Павлодар облысында бес мыңнан астам тұрғын жауапқа тартылды

Павлодар облысында «Учаске» ЖПІШ барысында бес мыңнан астам тұрғын жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында өткізіліп жатқан «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғаннан бері 280 мыңнан астам үй мен пәтер тексерілді.

– Полицейлердің күнделікті міндеті – тұрғылықты жері бойынша азаматтарға бару, қылмыс пен құқық бұзушылық жасауға бейім адамдармен профилактикалық әңгімелесу. Қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу қазірдің өзінде өз нәтижесін беріп келеді. Іс-шара барысында бес мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.

Сонымен қатар қоғамдық орындарда қорғаныс нұсқамасының бұзылуы, ұсақ бұзақылық, темекі шегу және алкоголь ішу анықталды. Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы 15 желтоқсанға дейін жалғасады. Полиция азаматтарды Заң мен тәртіпті сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру