Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заң мен тәртіп: Түркістанда полиция 150-ден астам құқық бұзушылықты анықтады

Түркістанда полиция 150-ден астам құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД жергілікті полиция қызметінің полицейлері көшелерде және қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың, оның ішінде вандализм мен ортақ пайдаланылатын орындардың ластану фактілерінің алдын алу қызметін жалғастырып жатыр.

Мәселен, полицейлерге жедел басқару орталығынан Түркістан қаласы көшелерінің бірінде ГАЗель жүргізушісі темекі тұқылын тастағаны туралы дабыл келіп түсті. Ортақ пайдалану орнын ластағаны үшін құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жалпы полиция қызметкерлері облыс орталығының аумағында профилактикалық іс-шара өткізу кезінде 150-ден астам түрлі құқық бұзушылықты анықтап, олар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды.

Тәртіп сақшылары облыс орталығы тұрғындары мен қонақтарын тәртіпті сақтауға, қоғамдық орындарды ластамауға және жолдарда мұқият болуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру