“Тұран Түркістан” командасы республикалық тактикалық көпсайыстан жүлделі орын алды
“Тұран Түркістан” командасы республикалық тактикалық көпсайыстан жүлделі орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы Практикалық ату федерациясының ұйымдастыруымен Тараз қаласында орналасқан “Сұңқар” ату алаңында Қазақстан Республикасы тактикалық көпсайыстан республикалық жарыс өткізілді.
Мақсат – арнайы жасақ қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру, психологиялық және физикалық күйзелістің күшеюі кезінде олардың күйзелістерге төзімділігін жетілдіріп, бәсекелестік мәдениетін қалыптастыру.
Осыған байланысты Түркістан облысы полиция департаментімен оқу-жаттығу взводының 5 қызметкерінен құралған “Тұран Түркістан” командасы жарыста өзге аймақтардың мергендерімен бақ сынасты. Республика бойынша 17 команда қатысқан жарыста арнайы жасақ қызметкерлері Калашников автоматынан, Макаров тапаншасынан, мергендік қару СВД бойынша атудан сынға түсіп, өз мергендіктерін көрсетті. Нәтижесінде командалық есепте Түркістан облысының полицейлері өзгелерден оза шауып, жүлделі ІІ орынды иеленді.