Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға арналған спорттық жарыс өтті

БҚО-да пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға арналған спорттық жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қарашада Бәйтерек аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы аясында және «Жастар Рухы» қорының демеушілігімен Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №1 және №2 аудандық пробация қызметкерлері спорттық шара ұйымдастырды. Жарысқа пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар қатысып, белсенділік танытты.

Іс-шараның ашылуында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Жолдасқалиев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысқа құрметті қонақ ретінде Бәйтерек аудандық прокуратурасының прокуроры Бақытжан Заурбек пен Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің өкілдері қатысты.

Жарыс бағдарламасына арқан тартыс, гір тасын көтеру, күш сынасу және үстел теннисі секілді спорт түрлері енгізілді. Қатысушылар өздерінің шеберліктері мен мықтылықтарын көрсетіп, жүлделі орындарға ие болу үшін бар күштерін салды.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы мадақтау қағаздары, медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шараға қолдау көрсеткен демеушілер мен ұйымдастырушыларға ерекше алғыс айтылды.

Мұндай іс-шаралар пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды қоғамға бейімдеуде және салауатты өмір салтын насихаттауда маңызды рөл атқаратынын айта кеткен жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру