Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция жаңа алаяқтық тәсілдері туралы ескертеді

Полиция жаңа алаяқтық тәсілдері туралы ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полициясы алаяқтарды анықтау мақсатындағы және олардан сақтандыру бағытындағы жұмыстарды күн тәртібінен түсірген емес. Бұл жолы киберпол тобының полиция қызметкерлері пошта қызметкерлерімен бірге халықты алаяқтың жаңа түрінен сақ болуға шақырды. 

Себебі алаяқтық қылмыстарын саралай келе, оның басым көпшілігі мемлекеттік «қазпошта» арқылы немесе пошта қызметкерінің атын жамылу арқылы орындалатыны анықталды. 

Осыған сәйкес тұрғындарға өздерін “Қазпошта” мекемесінің қызметкері ретінде таныстырып, Сіздерге арналған пошта келіп тұрғанын айтып, аталған затты алу үшін келіп түскен СМС кодты айтуды сұраса, тез арада трубканы қойыңыз! Ол алаяқтың бүгінгі таңдағы жаңа әдісі. 

Интернет-алаяқтарға алданбау үшін, әрбір шалынған қоңырауларға, келіп түскен СМС-хабарламаға мұқият болуларыңызды және күдік келтіретін хабарлама мен жарнамаларға сенбеуге кеңес береміз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру