Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда нысандардың терроризмге қарсы қорғалуы пысықталды

Атырауда нысандардың терроризмге қарсы қорғалуы пысықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласында кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұхановтың төрағалығымен маңызды жиын өтті. Бұл басқосуға Атырау облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Бақберген Жұмағалиев қатысты.

Жиын барысында өнеркәсіп орындарының, жеке кәсіпкерлердің, соның ішінде сауда орталықтарының, қоғамдық тамақтану орындарының, қонақүйлер мен супермаркеттердің басшыларына нысандардың терроризмге қарсы қорғалуы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар қатысушыларға мемлекеттік органдар бекіткен салалық нұсқаулықтар мен терроризм актісі орын алған жағдайда өзін-өзі ұстау ережелерін егжей-тегжейлі баяндап, ішкі істер органдарына жедел хабарласу қажеттігін ескертті.

Сонымен қатар профилактикалық және оқу-жаттығу шараларын тұрақты түрде өткізу, техникалық қауіпсіздік талаптарын күшейту және нысандардың қорғаныс деңгейін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға қауіпсіздік талаптарының сақталуы – қоғам тыныштығы мен азаматтардың амандығының кепілі екені баса айтылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру