Астанада ойын-сауық мекемелерінің бірінде қорқор шеккен азаматтар анықталды
Астанада ойын-сауық мекемелерінің бірінде қорқор шеккен азаматтар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елімізде қоғамдық орындарда кальяндарға толық тыйым салынған. Дәмханаларда, мейрамханаларда, барларда, клубтарда, ашық ауада отыратын орындарда және көшелерде темекі шегуге болмайды.
Лауазымды тұлғаның кальян өнімдерін тұтынуға арналған арнайы орындар бөлуді көздейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында «Учаске» жедел алдын алу шарасын өткізу барысында учаскелік полиция инспекторлары қала аумағында орналасқан ойын-сауық мекемелеріне тексеру жүргізді.
Қалалық ойын-сауық мекемелерінің бірінде кальян шеккендері үшін келушілерге қатысты екі әкімшілік жаза қолданылды.
Жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері елордада сақшылар 50-ден астам әкімшілік хаттама толтырды.
Полиция қызметкерлері осы бағыттағы жұмыстарды күн сайын жүргізеді.
Астана қаласы полиция департаменті азаматтарға темекі және кальян шегу денсаулыққа зиян екенін ескертеді.