Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Астанада кальянға қатысты 7 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды

Астанада тыйым салынған орындарда кальян тұтыну фактілерін анықтау жұмыстары жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада учаскелік полиция инспекторлары заңнамада тыйым салынған орындарда темекі өнімдерін, оның ішінде кальянға арналған темекі мен кальян қоспаларын тұтыну фактілерін анықтау бойынша профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Жыл басынан бері елордада осындай 7 мыңнан астам факті анықталып, олардың нәтижесінде 6200-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, Шәмші Қалдаяқов көшесінде орналасқан нысандардың бірінде полиция қызметкерлері қоғамдық орында заңмен белгіленген тыйымға қарамастан, кальян тұтынған 26 жастағы ер адамды анықтады.

Құқық бұзушыға қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Белгіленген талаптарды сақтау азаматтардың денсаулығын қорғауға, сондай-ақ қауіпсіз әрі қолайлы қоғамдық ортаны қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру