Көкшетау тұрғыны жоғалған телефонын тауып берген полицейлерге алғыс білдірді
Көкшетау тұрғыны жоғалған телефонын тауып берген полицейлерге алғыс білдірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс орталығының тұрғындарынан Instagram әлеуметтік желісіндегі Ақмола облысы ПД ресми парақшасының дайректіне көрсетілген көмек үшін Көкшетау полицейлерінің атына алғыс сөздер келіп түсті.
- Біз полиция қызметкерлеріне жеделдігі мен кәсібилігі үшін шын жүректен ризашылығымызды білдіргіміз келеді, олардың арқасында біз жоғалтқан iPhone 15 телефон қысқа уақыт ішінде табылды, - деп жазды автор.
Тұрғын учаскелік инспектор А. Искаковқа, аға лейтенанттар М. Ермекшеұлына, Б. Рахымбекке және Ташмұрад Қараевқа ерекше алғысын білдірді.
Ақмолалық 2024 жылғы 5 желтоқсанда сағат 19:30 шамасында жұмыстан шығып бара жатып, Назарбаев көшесіндегі «Гүлжан» дүкенінің жанындағы аялдамада, автобусқа отыру кезінде телефонын жоғалтып алған. Сосын Көкшетау қаласының полиция басқармасына және өзінің учаскелік полиция инспекторына көмекпен жүгінді.
Полицейлер телефонның №5 автобуста жоғалғанын тез анықтап, автобустың мемлекеттік нөмірін және оның орналасқан жерін анықтады. Полиция аға лейтенанты Ташмұрад Қараев осы уақытта қоғамдық тәртіпті сақтауда болып, автобустың бағыты бойынша барып, бірден телефонды тапты.
- Осы полиция қызметкерлеріне зейінділігі, жеделдігі үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Оларға қызметте табыс, мықты денсаулық және кәсіби қызметте одан әрі жетістіктер тілейміз!, - деп ізгі тілегін білдірді тұрғын.