Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы полиция департаментінде кадрлық өзгерістер орын алды

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бұйрығымен Абай облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметіне Дүйсембай Ахметұлы Байбусынов тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дүйсембай Ахметұлы 1971 жылы Қостанай облысының Қарасу ауданында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1996 жылы Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Ішкі істер басқармасының қылмыстық-іздестіру бөлімінде бастаған.

Кәсіби қызметінің барысында Дүйсембай Ахметұлы полицияның түрлі бөлімшелерінде басшылық қызметтер атқарды. Ол Тельман, Киров, Шахтин аудандары мен Теміртау қаласы полиция бөлімдерін басқарды. 2019 жылдан бастап Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымын табысты атқарды.

Дүйсембай Байбусынов өз қызметін жедел жұмысқа арнаған, бұл оның жоғары кәсібилігін және көпжылдық тәжірибесін айқындайды. Жаңа қызметке тағайындалуы – басшылықтың оған деген сенімінің айқын дәлелі.

Абай облысы полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан жаңа орынбасарын жеке құрамға таныстырып, алдағы құқық тәртібі мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша маңызды міндеттерді атап өтті. Ол жедел қызметті одан әрі жетілдіру, халықпен өзара әрекеттестікті арттыру және қызметкерлер арасындағы тәртіпті нығайту қажеттігін баса айтты.

Өз сөзінде Бектөре Сұлтан полицияның жедел бөлімшелерінің жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру