Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда пробация қызметкерлері ювеналды полициямен бірге жасөспірімдермен құқықтың әңгіме жүргізді

Оралда пробация қызметкерлері ювеналды полициямен бірге жасөспірімдермен құқықтың әңгіме жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасөспірім – ел ертеңі, ата-ананың үміті. Олардың өмірі мен болашағы қоғам үшін аса маңызды. Сондықтан құқық қорғау органдары кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің жол-көлік оқиғаларына ұшырамауы, жол ережелерін қатаң сақтауы, есірткіге тәуелділіктен аулақ болуы және отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Сондай-ақ жасөспірімдердің қайталап құқық бұзбауын қамтамасыз ету бағытында нақты шаралар қабылдануда.

Осыған байланысты Орал қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөліміне қарасты ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторлары Орал қаласы пробация қызметінің мамандарымен бірлесіп, кешенді тексерістер ұйымдастырды. Шара барысында жауапты инспекторлар тұрғылықты мекенжайларды аралап, кәмелетке толмағандарға құқық бұзушылыққа жол бермеу керектігін ескертті.

Сонымен қатар Орал қалалық пробация қызметінің инспекторы Н. Құсайынова мен Абай полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының инспекторы А. Ахметова жасөспірімдерге құқық бұзушылықтың салдарын түсіндіріп, қылмысқа жол бермеу, әкімшілік жауапкершілікке тартылмау, дұрыс жолға түсу және зиянды әдеттерден аулақ болу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру