Түркістан облысында полиция жүргізушіден 7 пакет есірткі тәркіледі
Түркістан облысында полиция жүргізушіден 7 пакет есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысында есірткі сақтап, тасымалдау фактісінің жолын кесті.
Жедел уәкілдер Отырар ауданындағы Шәуілдер - Түркістан автожолында Шымкент қаласының тұрғыны басқарған Lada автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде көліктің салонынан ішінде есірткі заты бар 7 пакет табылды. Алынған заттың жалпы салмағы шамамен 400 грамм марихуана болып шықты.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде және оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.