Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Заң және тәртіп": Ақтөбеде жастармен ауқымды кездесу өткізілді

"Заң және тәртіп" қағидаты аясында Ақтөбе қаласында жастармен ауқымды кездесу өтті. Ашық диалог сипатында өткен шараға 700-ден астам жас жиналды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сонымен қатар онлайн форматта облыстағы колледждердің 19 мыңнан астам, мектептердің 32 мыңнан астам жоғары сынып оқушысы қатысты.

Кездесуде Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан, Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов, Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары Абзал Гилим жастарға Мемлекет басшысы атап көрсеткен, заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруда құқықтық санасы биік, азаматтық ұстанымы берік ұрпақтың маңызы, білім мен тәрбие туралы сөз қозғады. Спикерлер назарынан жағымсыз әдеттердің азапты салдары, қылмыс пен жаза мәселелері де тыс қалған жоқ. Күнделікті тәжірибеден мысалдар мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтар статистикасына сүйене отырып, құқық қорғау органдарының өкілдері жастарға ой салар, әсерлі әңгімелесу өткізді.

Сондай-ақ шара барысында қатысушыларға арзан жолмен ақша тапқысы келген жастардың аянышты тағдырын бейнеген "Закладка" фильмі көрсетілді.

Қатысушы жастар спикерлерге өздерін толғандырған өзекті сұрақтарын қойып, пікір бөлісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру