Қызылорда облысында стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылар іске қосылды
Қызылорда облысы аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында "Ekin Boxspotter" стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылары іске қосылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент халықаралық маңызы бар автомобиль жолдары бойында жол қауіпсіздігі мен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында әкімшілік құқық бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайтын жалпы саны 14 стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғы іске қосылды.
Аталған құрылғылар облысқа қарасты Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарының тұстарына екеуден орнатылған. Құрылғылар белгіленген жылдамдық режимін асырып, құқық бұзушылық жасаған автокөліктерді анықтайтын болады.
Полиция облыс тұрғындары мен қонақтарын автокөлік басқару кезінде жол жүру қағидаларын бұзбауға және белгіленген жылдамдықты асырмауға шақырамыз.