Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда екі күн ішінде жолды белгіленбеген жерден кесіп өтудің 161 фактісі тіркелді

Павлодар облысында екі күн ішінде жолды белгіленбеген жерден кесіп өтудің 161 фактісі тіркелді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында құқық бұзушылықтарға, соның ішінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуға мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осы мақсатта өңірде "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Тәртіп сақшыларының басты міндеті – жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын анықтап, оның алдын алу. Әсіресе мас күйінде көлік жүргізу, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу, қауіпсіздік белдігін тақпау, ұялы телефон пайдалану сияқты өрескел заңбұзушылықтарға ерекше назар аударылады. Сонымен қатар жолдағы апат қаупі жоғары автокөліктерді анықтау да басты назарда.

Өткізілген шара барысында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.. Оның ішінде:

Жолаушыларды тасымалдау талаптарын бұзудың – 178 фактісі,

Маневр жасау ережелерін бұзудың – 107 дерегі,

Жүргізуші куәлігі жоқ азаматтардың көлік басқаруы – 20 жағдай,

Апаттық жағдай тудырудың – 19 дерегі анықталды.

Мәселен Павлодар қаласында Toyota көлігінің жүргізушісі жол қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізбей, кенеттен маневр жасап, апаттық жағдай туғызған. Бұл әрекеті арқылы ол өзімен бірге жолдағы өзге жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің де өміріне қауіп төндірді.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері облыс жолдарында мас күйінде көлік жүргізген 9 жүргізушіні ұстады. Олар тек жылдамдықты асыру немесе мас жүргізушілерді анықтаумен шектелмей, жаяу жүргіншілер арасында да түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Өйткені екі күн ішінде жолды белгіленбеген жерден кесіп өтудің 161 фактісі тіркелген.

Полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік құралын мас күйінде басқарудан бас тартуға шақырады. Бұл – әрбір азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған маңызды қадам.

Егер сіз жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе күдікті әрекеттерге куә болсаңыз, дереу "102" нөміріне, "Police" мобильді қосымшасы арқылы немесе Павлодар облысы полиция департаментінің ресми аккаунтына хабарлаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру