Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қылмысты ашудағы жауапкершілік — анықтаушының басты міндеті

Құқық қорғау саласында анықтаушылардың атқаратын рөлі ерекше. Олар ұрлық, теріс қылықтар, жол-көлік оқиғалары және ауырлығы шағын немесе орташа қылмыстық істерді тергеп, әр істің егжей-тегжейін мұқият анықтайды. Олардың кәсібилігі мен әділдігі – адам тағдырының шешілуіне тікелей әсер етеді. Бұл туралы Polisia.kz сайты баяндап береді.

Кезекші бөлімге шақырту түскен сәтте жедел-тергеу тобы оқиға орнына аттанады. Топтың аға анықтаушысы жағдайды жан-жақты зерттеп, оқиға орнын тексеріп, арызданушы, күдікті және куәгерлерден жауап алады. Қажет болған жағдайда жәбірленушіні медициналық мекемеге жеткізеді. Бұл – анықтаушының бір жұмыс күніндегі сансыз эпизодтардың бір ғана көрінісі.

Бірақ істің мән-жайын анықтау – жұмыстың басы ғана. Бұдан кейінгі күндер, тіпті айлар құжаттармен мұқият жұмыс істеуді талап етеді. Әрбір материал тексеріліп, зерделеніп, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі. Барлық дәлелдер толық жиналған соң ғана қылмыстық іс сотқа жіберіледі.

Анықтаушы мамандығы терең білім мен жоғары дайындықты қажет етеді. Заңдар үнемі өзгеріп отырады, сондықтан бұл сала қызметкерлері азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін барлық жаңалықтардан хабардар болуы тиіс.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру