Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда есірткі таратушы ұсталды

Алматыда есірткі таратушы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері есірткі саудасымен айналысты деген күдікпен Алматы облысының 30 жастағы тұрғынын ұстады.

Арнайы іс-шара Алматының орталығында жүргізілді.

Ұсталған азаматтың автокөлігін тінту кезінде құрамында ақ түсті ұнтақ тәрізді зат бар 12 қаптама және металл кастет табылды және тәркіленді. Ер адам мефедрон психотроптық затын жасырып кетуші болып жұмыс істейтінін мойындады. Тәркіленген заттарға сот-химиялық сараптама тағайындалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру