Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінің қызметкерлері жұмысшы мамандарға құрмет көрсетті

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінің қызметкерлері жұмысшы мамандарға құрмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Президент Жолдауында адал еңбегімен табысқа жеткен адамдардың әрдайым құрметке лайық екені атап өтілген болатын.

Осы маңызды күнге орай, Абай облысының ҚАЖ департаментіне қарасты №21 мекеме қызметкерлері қоғамда сыйластық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Алғыс айту күніне арнайы құттықтау ұйымдастыруды ұйғарды. Олар өздерінің еңбектерімен халыққа аянбай қызмет етіп жүрген жұмысшы мамандар – қоғамдық көлік жүргізушілері, еден жуушылар, құрылысшылар, күзетшілер мен көше тазалаушыларды құттықтау үшін арнайы орталыққа аттанды.

Мекеме қызметкерлері оларға жылы лебіздер мен құттықтауларын білдіріп, арнайы дайындалған сыйлықтарын тарту етті.

– Бұл адамдардың күнделікті еңбегі біз үшін аса маңызды! Олар өз жұмыстарын адал атқарып, қоғамға үлкен үлес қосып жатыр. Әрбір еңбек иесіне алғысымыз шексіз, — деп атап өтті мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Рустем Берлибеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру