Абай облысында әйелдер арасында волейболдан турнир өтті
Абай облысында әйелдер арасында волейболдан турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 Наурыз мерекесі қарсаңында Абай облысында әйелдер арасында волейболдан турнир өткізілді.
Турнирге ҚР Қорғаныс министрлігінің 47007 әскери бөлімінің, ҚР ҰҚК басқарма және жабдықтау РММ, Жаңғызтөбе кентінің, № 236 мектептің оқытушылары және Абай облысы бойынша ҚАЖД № 23 мекемесінің қызметкерлері қатысты.
Ойында барлығы 30 әйел бақ сынасты, әр командада алты қатысушы болды. Спорттық іс-шараның бастамашысы Абай облысы бойынша ҚАЖД № 23 мекемесі болды. Жарыс 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орайластырылды, жас ұрпақты бірлік, патриотизм және салауатты өмір салты рухында тәрбиелеуге бағытталған.
Ойын қорытындысы бойынша Жаңғызтөбе кентінің мектеп оқытушылары жеңіске жетті, екінші орын № 23 мекеме қызметкерлеріне берілді, үшінші орынды № 236 мектеп оқытушылары иеленді. Ойынға қатысушылар командалық жұмыс пен дене шынықтырудың жоғары деңгейін көрсетті.
Турнирдің барлық қатысушыларына сыйлықтар табыс етілді, жеңімпаздар кубоктар, медальдар және бағалы сыйлықтар алды.
— Бүгінгі ойында біздің қатысушылар бізге тек ошақтың күзетшілері, үлгілі қызметкерлер ғана емес, сонымен қатар спорт алаңында өз күштерін көрсете алатын әйелдер екенін көрсетті. Біз барлық әйелдерді келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз және зор денсаулық бақыт пен амандық тілейміз, - деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Анар Сабиева.