Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облыстық ҚАЖД мекемесінің қызметкері тәжірибесімен бөлісті

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның № 23 мекемесінде 60-қа жуық полицей әйел қызмет атқарады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Әрбір қызметкер отбасы мен жұмысты қатар алып жүруде. Әр қамқор ана, ошақ сақтаушы таңмен баласын балабақшаға немесе мектепке апарып, жұмысқа келіп қызметкер формасын киіп, жасақ бастығы, жедел және тәртіп бөлімінің қатал жедел уәкілі ретінде қызмет атқарады. Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемелерінде барлық әйелдер ер қызметкерлермен тең болып, қызмет атқарып келеді, олар да түрлі саптық жинаумен , "дабыл" бойынша жинауға қатысады. Мысалға арнайы бөлімнің бастығы Светлана Анатольевна Голикова сияқты, көптеген қызметкерлер қызмет жолын 19 жасында бастаған.

Светлана Анатольевна 1980 жылы Семей облысы Чалобай ауылында дүниеге келген, 1999 жылы колледжді бітірген соң, оған техник-геодезист біліктілігі берілген. Бірақ жас қыз мамандығы бойынша жұмыс істемей, 2000 жылы бастапқы даярлық курстарынан өтіп, 2001 жылы ШҚО бойынша ІІБ ОВ-156/19 мекемесінде қызметке режим және күзет бөлімінің бақылаушысы болып қабылданады, бақылаушы лауазымында бес жыл жұмыс істегеннен кейін Светлана ШҚО бойынша ҚАЖ ОВ-156/21 мекемесінің колония бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары болып тағайындалады. 2006 жылы атқарған қызметінде ерекшеленіп, сол мекеменің жедел бөліміне ауыстырылды, сол жылы оның үлкен ұлы Руслан дүниеге келді, бір ұл тәрбиелеп отырған әйел карьералық баспалдақпен көтеріліп, жұмысын жалғастырды. 2010 жылы ол екінші ұлы Тимурды дүниеге әкеліп екінші рет ана атанды , 2012 жылы Абай облысы бойынша ҚАЖД № 23 мекемесінің арнайы есепке алу бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

Осы салада 25 жыл қызмет атқарған Светлана Анатольевна адал және мінсіз қызметі үшін көптеген марапаттарға ие болған.

Сонымен қатар ол Макаров тапаншасын ату дағдыларын жақсы біліп меңгерген мерген десе де болады. 2014 жылы Шымкент қаласында Макаров тапаншасын атудан жарыс өтті, онда Светлана ҚАЖ қызметкерлері арасында екінші орын алды, сондай-ақ осындай жарыстарға қатысқаны үшін бірнеше рет марапаттау қағазымен мадақталды.

Светлана Семей облысында әйелдерге арналған түзеу мекемесінің ашылғанына куә болды, ол бірінші болып мекемеге алғашқы жазасын өтеуге келген сотталғандарды қабылдап, өз міндеттерін тиянақты атқарған қызметкердің бірі.

— Алғаш рет осы мекемеге сотталғандарды қабылдауға қатысқанда әрине қорқыныш сезімі болды, өйткені мұндайды біз тек теледидардан көріп жүретінбіз, сол сәт менің есімде әлі қалыпты, бірінші болып 8 әйел жазасын өтеуге келген болатын, соның әрқайсысының мінезі әр түрлі болып келді. Бір әйел агрессиямен, екіншісі депрессиямен, үшіншісі мінезі тұйық болып, сөйлемейтін болып келді. Біз әрине оқуда не үйрендік сол тәжірибеге сүйендік, практикалық тәжірибеміз аз болғандықтан бізге көмекке басқа мекеменің қызметкерлері көмекке келген болатын. Осындай түрлі мінезді сотталғандармен жұмыс істеу қиын, әрқайсысына жеке көзқарас керек.

Бұған дейін сотталғандармен жұмыс тәжірибесі болмағандықтан, жас қызметкер ретінде маған бәрі қызық болды, сол кезде мен бұл таңдаудың менімен ұзақ уақыт қалатынын білдім. Қазір мекемеде жұмыс істей отырып, жас қызметкерлермен өз тәжірибеммен және біліміммен бөлісіп, қазір 19 және 15 жастағы екі ұлымды, отансүйгіштік сезімдерін және Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, тәрбиелеп отырмын, олар жас кезінен бастап қазақ дәстүрлерін сақтап және мектепте мемлекеттік тілде оқып келеді, - деп бөлісті Светлана Анатольевна.

Светлана Голикованың әріптестері атап өткендей, ол әрқашан сезімталдық пен ұқыптылықпен ерекшеленді, кез-келген мәселеде көмектеседі, жұмыста ма, жоқ па маңызды емес.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру