Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да тергеу изоляторына тыйым салынған затты өткізбекші болған әйел ұсталды

БҚО-да тергеу изоляторына тыйым салынған затты өткізбекші болған әйел ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №74 (қауіпсіздігі аралас) мекемесінде айыпталушыға тыйым салынған затты жеткізу әрекеті жасалды. Әйел адам айыпталушыға азық-түлік салынған сөмке арқылы бас жуатын сусабын бөтелкесінің ішіне жасырып, сымды құлаққапты өткізбекші болған.

Мекеменің тексеру тобының бақылаушысы  Н.Кравченко сусабын бөтелкесін ашып, оны мұқият тексеру барысында пакетке оралған сымды құлаққапты анықтады. Осылайша тергеу изоляторы қызметкерлерінің қырағылығы арқасында тыйым салынған заттың мекемеге өтуіне тосқауыл қойылды.

Айыпталушы мен оның таныстарымен көптеген ескертулер мен түсіндірме жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан, мекемеге тыйым салынған заттарды жеткізу әрекеттері жалғасуда.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, құжаттары Орал қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру