Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полицейлер кітап көрмесін тамашалады

Атырауда полицейлер мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай кітап көрмесін тамашалады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Бұл мереке халқымыздың рухани мұрасын дәріптеуге, мәдени құндылықтарды насихаттауға арналған. Осыған орай Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында өткен кітап көрмесіне барып, "Автормен бірге кітап оқу" атты шараға қатысты.

Көрмеде полицейлер тарихи құжаттармен, сирек кездесетін басылымдармен және отандық әдебиеттің жауһарларымен танысты. Сонымен қатар, олар кітапханашылармен сұхбаттасып, кітап оқудың маңыздылығы, оның тұлғалық даму мен кәсіби біліктілікті арттыруға әсері туралы ой бөлісті.

Іс-шара барысында құқық қорғау қызметкерлері өздерінің сүйікті кітаптары жайлы айтып, оқуға ұсынар әдебиеттерімен бөлісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру