Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында жаза өтеу тәртібін бұзған есептегі сотталған бас бостандығынан айырылды

Аягөз қаласының тұрғынына жаза өтеуден жалтарғаны үшін бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

44 жастағы Аягөз қаласының тұрғынына Алматы қаласында жүріп телефон жымқырғаны үшін бір жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.

Сотталған Алматы қаласының пробация қызметіне есепке алынып, осыдан кейін сотталған Аягөз қаласына мекенжайын ауыстыратынын хабарлаған, алайда Аягөз қаласының пробация қызметіне есепке тұру үшін келмеген. Пробация қызметімен сотталғанның орналасқан жері белгісіз болғандықтан оған іздеу жарияланып, күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылған.

Екі айдан кейін ер адамның орналасқан жері анықталды, Алматы қаласындағы ТҚС-лардың бірінде жұмыс жасап жүрген.

— Жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғандықтан бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына өтелмеген 9 айына ауыстырылған, — деді Аягөз аудандық пробация қызметінің бастығы Ислам Дюсембеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру