Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында студенттерге арналған жеке қауіпсіздік бойынша тренингтер өтті

Алматы облысында студенттерге арналған жеке қауіпсіздік бойынша тренингтер өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаскелең қаласындағы колледждерде студенттерге арналған жеке қауіпсіздік бойынша тренингтер өтті. Іс-шараларды “Родник” қоғамдық қоры ЮНЕСКО жобасының аясында облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті мен әділет департаментінің көмегімен ұйымдастырды.

– Тренингте жастар жиі кездесетін өзекті қауіп-қатерлерге ерекше назар аударылды: интернет арқылы вербовка,  буллинг, адам және орган саудасы, – деп атап өтті полицейлер.

Сонымен қатар құқық қорғау органдары қылмыскерлер қолданып жүрген схемаларына тоқталып, құрбан болмаудың жолдары бойынша қажетті кеңестер берді. Студенттер вербовка белгілерін, көмекке қайда жүгіну керектігін және қауіпті жағдайларда өзін қалай ұстау қажеттігін білді.

Тренинг интерактивті форматта өтті: бейнероликтер, рөлдік ойындар мен практикалық жаттығулар ақпаратты оңай меңгеруге көмектесті.

Ұйымдастырушылар полицияның жастарды қорғаудағы маңызды рөлін атап өтіп, олардың кәсіби шеберлігіне, сондай-ақ шараны өткізуге көмектескен колледж әкімшілігіне қолдау көрсеткені үшін алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру