Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында 50 сотталғанға электронды бақылау құралы тағылды

Абай облысында 50 сотталғанға электронды бақылау құралы тағылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында 50 -ге жуық сотталғанға электрондық бақылау құралы қолданылады. Сотталғандардың ішінде бас бостандығын айыру жазасын бас бостандығынан шектеу жазасына ауыстырылғандар, қылмыс жасауға бейім және бұрын сотты болған тұлғалар бар.

Күнделікті пробация қызметімен электрондық бақылау құралы қолданылған сотталғандарға қатысты мониторинг жүргізіледі, мониторинг жүргізу арқылы жаза өтеу тәртібін бұзу фактілері анықталады.

Жаза өтеу тәртібін бұзуы анықталған кезде оларға жаза түрі ауыстырылатыны туралы ескертіледі. Құқық бұзушылықта қайта қайталаған жағдайда пробация қызметімен сот органына іс-құжаттар жолданады. Мысалы: 45-жастағы Абай облысының тұрғыны өзінің танысына қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіріп, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеуге сотты болып, пробация қызметінің есебіне алынғаннан кейін жаза өтеу тәртібін бұзған, белгіленген күні пробация қызметіне профилактикалық сұхбатқа және онымен тәрбиелік іс-шараларын жүргізу үшін тіркеуге келмей, қоғамдық орында масаң күйде жүрген. Осыдан кейін, қылмыстың алдын алу мақсатында оған электрондық бақылау құралы қолданылған болатын. Алайда, осыған қарамастан ол түнгі уақытта мекенжайынан кетіп қалғанын электрондық бақылау құралы арқылы анықталды. Соттың қаулысы негізінде бас бостандығын шектеу жазасын өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына 2 жыл 5 ай мерзімге ауыстырылды. Электрондық бақылау құралы арқылы сотталғанның орналасқан жерін, қай уақытта қай жерде жүргенін көруге болады.

- Жыл басынан электрондық бақылау құралы қолданылған тұлғаларға мониторинг жүргізу барысында 20 жаза өтеу тәртібін бұзу фактісі анықталып, 5 сотталғанға бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылған, - деді Аягөз аудандық пробация қызметінің бастығы Дюсембеков Ислам.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру