Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері теміржол нысандарында профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда

Көлік полицейлері теміржол нысандарында профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері теміржол бойындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың жарақат алуын болдырмау, теміржол төсемдеріне бөгде заттардың қойылуына және жолаушылар пойыздарындағы әйнектердің сынуына жол бермеу мақсатында тұрақты түрде жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Атқарылып жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан, жолаушылар пойыздарының терезелерін сындыру фактілері әлі де орын алуда.

Мұндай жағдайлар әсіресе жаз мезгілінде жиіледі. Әсіресе Қарағанды, Шу, Алматы және Шымкент станциялары маңында жолаушылар пойыздарына тас лақтыру оқиғалары жиілеп отыр. Бұл – жай ғана ұсақ бұзақылық емес, мұндай әрекеттер пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігіне, жолаушылар мен пойыз бригадасының қызметкерлерінің өміріне тікелей қауіп төндіреді. Сонымен қатар бұл оқиғалар айтарлықтай материалдық шығынға да алып келеді.

Бұдан бөлек, алкогольдік ішімдіктің әсерімен пойыз терезелерін сындыру деректері де кездесуде.

Полиция азаматтарды поездарда және теміржол нысандарында тәртіп ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Теміржол – аса қауіпті аймақ екенін еске саламыз. Мұнда жасалған құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру