Заң мен тәртіп – басты назарда: Алматы облысында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
Алматы облысында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
2025 жыл – "Профилактика жылы" деп жариялануына байланысты Алматы облысында қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың құқықтық санасын арттыру бағытында кешенді шаралар жүзеге асырылуда.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге, сондай-ақ бұрын сотталғандар мен қоғамдық тәртіпті бұзушыларды қадағалауға баса назар аударылып отыр.
Облыс жолдарында жүргізілген профилактикалық жұмыстар барысында 8 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 200-ден астам көлік арнайы тұрақтарға қойылып, 400-ден астам автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірлері тәркіленді. Анықталған құқық бұзушылықтардың қатарында – қарсы қозғалыс жолағына шығу, жаяу жүргіншілерге жол бермеу, апатты жағдай туғызу, көлікті мас күйде басқару, сондай-ақ жаяу жүргіншілер тарапынан болған ереже бұзушылықтар бар. Олардың кейбірі дрондар арқылы тіркелген.