Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция егде жастағы әйелді тонаған күдіктіні ұстады

Алматыда полиция егде жастағы әйелді тонаған күдіктіні ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы Жетісу ауданының полицейлері тұрғын үйлердің бірінде жасалған қарақшылық қылмыстың бетін ашты. Ең қысқа мерзімде күдікті анықталып, ұсталды – 39 жастағы ер адам түнгі уақытта қарт әйелдің пәтеріне заңсыз кіріп, оның осал жағдайын пайдаланып, ашық түрде ақшасын тартып алған.

— Біздің бөлімше қызметкерлерінің жедел және сауатты әрекетінің арқасында күдікті анықталды және ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, - деді, Жетісу аудандық полиция басқармасының басшысы Жәнібек Шынасылов.

Полиция азаматтарды жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға, қырағы болуға және қандай да бір қауіп төнген кезде полицияға хабарласуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру