Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балалар қауіпсіздігі: полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Соңғы қоңырау күндері Алматыда полиция күшейтілген қызмет режиміне көшті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаладағы 216 жалпы білім беру мекемесінде мыңға жуық тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.

— Оқушылардың қауіпсіздігі – біздің басты міндетіміз. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ювеналды, патрульдік, криминалдық полиция қызметкерлері, сондай-ақ учаскелік инспекторларды қосқанда, мыңға жуық тәртіп сақшылары жұмылдырылған. Балалардың жеке қауіпсіздігіне де, мектеп жанындағы және түлектердің жүретін бағыттарында жол қозғалысы ережелерін сақтауына да ерекше назар аударылды. Ата-аналарды және мерекенің барлық қатысушыларын мұқият болуға, ережелерді сақтауға және балаларды қауіп-қатерге ұшыратпауға шақырамыз, — деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Сонымен қатар спикер, қаланың басты алаңдарында, саябақтарда, скверлерде және азаматтардың жаппай демалатын орындарында біріктірілген полиция күштерінің қосымша бөлімшелері қарастырылғанын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру